ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

 

Өткен аптада Павлодар қалалық №25 мектебінде облыс орталығының «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған білімді оқушылары ерекше құрметке ие болды. Дәлірек айтсақ, «Дарынды балалар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқушылардың дәстүрлі пәндік олимпиадасында жеңімпаз атанған мектеп шәкірттерінің марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау салтанатына қалалық білім беру өкілдері, шаһар мектептерінің басшылары жиналды.

Бұл білім додасы биыл 49-шы рет ұйымдастырылды. Мұнда облыс орталығының қырық мектебінен 680 оқушы 15 пән бойынша сынға түскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең алғашқысынан бері 31 мыңнан астам павлодарлық оқушы осы аталмыш додада бақтарын сынапты. Ағымдағы жылы 7-11 сынып оқушыларын қамтыған білімділер сайысына қатысушылардың екі жүзге  жуығы - мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің шәкірттері.

Қазылар алқасының шешімімен, қатарластарынан оқ бойы озық болған 65 қатысушы 3 орынды иеленсе, 53-і екінші орынға лайық деп танылған. Ал 35 оқушы жеңімпаз атанды. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, үздіктер қатарынан табылған 53 шәкірт наурыз айында өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алды. Жүлделі орындардың саны бойынша үздік мектептер де анықталды. Мәселен, бұл сынақта алғашқы үш орынды                №39, №9 және «Стикс» мектептері өзара бөлісіпті. Алқашқысының қоржынында 16 жүлделі орын болса, екіншісінде – 15, ал соңғы екеуінің еншісіне 12 жүлделі орыннан бұйырыпты.

Білімдерімен көзге түскен дарындарға Павлодар қалалық білім беру бөлімінің дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары табысталды. Ал №25 мектептің өнерпаз оқушылары ән мен биден шашу шашып, жеңімпаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Г.МАҒЖАН.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28