КИПРДЕН 8 ОҚУШЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

 

Үстіміздегі жылдың 9-20 қаңтары аралығында Кипр мемлекетінің Паралимни қаласында орта мектеп оқушыларының арасында халықаралық ғылыми олимпиада өтті. Оған әлемнің ең талантты оқушыларының ғана қатысуларына мүмкіндік берілді.

Жас ғалымдардың қабілетін таразылаған қиын да қызықты байқауға Павлодар облысынан да ғылым жолын қуған бір топ білімді оқушы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтар болсақ, бірінші орынды Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушылары Тимур Бахриден, Нұржан Әлімжанов, Азамат Кисин, екінші орынды тағы да осы білім ордасынан барған Мадина Кәрібжанова, Асан Алтыбасаров және мемлекеттік тілде білім беретін «Зерде» мамандандырылған мектебінің ұланы Асылхан Әкебаев, Павлодар қаласындағы №25 мектептің оқушысы Мереке Дүсіпов, ал үшінші орынды дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Мадина Ынтықбаева иеленді.    

Жат жерде ел намысын қолдан бермеген талантты балалардың айтуынша, ғылыми олимпиада өте күрделі болыпты. Соған қарамастан ғылымдағы ізденістерінің жемісін көріп, Қазақстан білімінің бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеп келген ұландар осындай жетістікке жетулеріне ұстаздарының қосқан үлесі зор екенін айтады. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28