ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЛІК ОЙЫНДАР - ПАВЛОДАРДА

     Бүгін Ертістің Павлодар өңірінде ІV Ұлттық Дельфилік ойындар басталады. Шараның мән-маңызы мен мақсаты туралы ұйымдастырушылар кеше  С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді.
     Ұйымдастырушылар қатарында Ұлттық Дельфилік комитеті корпоративтік қорының атқарушы директоры М.Қалыбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің сарапшысы Ұ.Мұқажанов және Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасының  жастар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Ә.Әлібаев болды.
     Мемлекетіміздің шығармашыл жастарының басын қосатын аталмыш ойындар елімізде  2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Өнерлі жастардың бойындағы біткен талантты ашуға бағытталған ойындар бұған дейін Талдықорған, Тараз, Өскемен, Астана, Қарағанды қалаларында өтсе, биылғы жылы ұлттық ойындар Ертістің Павлодар өңірнде жалауын көтеріп отыр. Павлодар облысында дәстүрлі ойындардың ұйымдастырылуы - өңіріміздің дарынды жастарының арқасы. Олай дейтініміз, жыл сайынғы республикалық сайыста облысымыздың өнерпаздары белсенді қатысушылары болып, алдыңғы қатардан көрінуде. Бұл біз үшін – зор мақтаныш.
     - Қазақстанның жастар Дельфилік ойындарын өткізудегі басты мақсат – еліміздің талантты жастарын табу.  Оларға барынша қолдау көрсету, сол арқылы халқының мәдени мұралары мен құндылықтарын бағалауға шақыру. Сонымен қатар, Ұлттық Дельфилік ойындардың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, ұлттық мәдениетімізді жұртшылыққа паш ету мақсаты көзделеді, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің сарапшысы Ұ.Мұқажанов.
Ұлттық Дельфилік ойындардың негізгі кезеңіне дейін әр облыста аймақтық іріктеулер өтіп, соның қорытындылары бойынша республикалық байқауға облыс намысын қорғайтын қатысушылар анықталған болатын. Аталмыш ойындардың іріктеу кезеңінде Қазақстанның әр аймағынан 10 мен 25 жас аралығындағы 2000 тарта дарынды жастар қатысқан. Олардың ішінен суырылып алға шыққан 400 жас талант бүгін Павлодар төрінде жалауы көтерілетін ІV Ұлттық Дельфилік ойындарына қатысуға жолдама алған. Ойындар конкурстық және фестивальдік бағдарламалар бойынша өтеді. Республикалық сайысқа қатысуға келген дарындар фортепиано, скрипка, академиялық, дәстүрлі,  эстрадалық ән салу, халықтық, қазіргі заманғы би, баян, аккордеон, гармонь, ұлттық аспаптар, фотосурет, бейнелеу өнері, ди-джейлік бағыт және веб-дизайн номинациялары бойынша таланттарын сарапқа салмақ.
     Шығармашыл жастарға сәттілік тілейміз!

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31