ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

 

 

 

Жақында Павлодар қаласындағы мектеп оқушыларының арасында пән олимпиадасы өтіп, жеңімпаздар анықталған болатын. Осыған орай, өткен аптада облыс орталығындағы №25 мектепте жүзден жүйрік атанған олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға шаһардың 200-ге тарта білімді оқушысы шақырылды. 

Олимпиадада бар білімдерін дәлелдеп, өз қатарластарының арасынан алға шыққан жеңімпаз оқушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жеңіс тұғырынан көрінгендер қатарында біздің мектептің намысын қорғаған оқушыларымыз: Найля Таңат (қазақ тілі),  Дәулетхан Шәйкен (тарих), Кәмила Жұмаділова (биология), Әмина Қарашашева (география) және Айнаш Сейітова (ағылшын) бар. Аталған балалардың жеңіске жетуіне А.Текжанова, Н.Омарова, Ә.Тәшімова, Г.Сермен, Г.Әміренов сынды мұғалімдердің қосқан үлесі зор екенін атап өткен абзал.

 

 Нұрсұлу ОМАРОВА, 

№25 мектептің мұғалімі, Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28