РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ ДИПЛОМЫН ПАВЛОДАРДА АЛАДЫ

 

    Алғаш рет С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Ресей халықтар достығы университеті арасындағы қос дипломдық білім бағдарламасы туралы жоба қабылданған болатын. Таяуда аталмыш бағдарламаны  жүзеге асыру мақсатында «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім шыңдап жүрген студенттер дипломдық жұмыстарын қорғады. Енді олар ресейлік жоғары мектептің дипломын алады. 

 

     Г.Асылханова, М.Каюпова, Р.Топищева, И.Пчельнимкова, С.Әбенова дипломдық жұмыстарын қорғады. Еңбектерін ағылшын тілінде жазған екен. Жетекшілері Ж.Ордабаева, К.Каримова, Г.Демесінова, Ж.Байдалина диплом алушыларға бағыт-бағдар беріп отырды. Осы орайда, университет қабырғасындағы халықаралық қатынастар департаментінің қызметін атап өткен жөн. Екі ел арасында «білім көпірінің» рөлін атқарып, студенттердің  жұмыстары оң нәтиже беруіне үлестерін қосты. Емтихан комиссиясының мүшелері ретінде Халықаралық Ғылым Академиясының, Ресей Федерациясының Жоғары мектебінің мүшесі, п.ғ.д., Ресей халықтар достығы университеті профессоры Н.Михеева және ф.ғ.к., доцент Ю.Эбзеева болды.

     Диплом қорғаушылардың жұмысы тезаурус, терминге байланысты болды. Студенттер әртүрлі саладағы сөздердің қолданылуына байланысты жүргізілген зерттреу жұмыстарының мақсатымен, барысымен, нәтижесімен таныстырды. Қуантарлығы, металлургия, салық және тағы да басқа салаларда қолданылатын термин сөздердің қолдану аясын, мән-мағынасын терең байқап, зерттей білген. Осындай пікірді комиссия мүшелері де атап өтті.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31