ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде  аймақтың жоғарғы оқу орындары студенттері арасында ІV пән олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған білім сайысына Ертістің Павлодар өңіріндегі төрт жоғары оқу орнынан 64 құрама команда қатысты. Жалпы саны 300-ден астам студент 18 пән бойынша білімдерін сарапқа салды.

Олимпиада осымен жетінші рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Жарыста түрлі пәндер бойынша  61 студент топ жарды. Ал құрама командалар бойынша үшінші орынды Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қатысушылары өзара бөлісті. Екінші орынды Инновациялық Еуразия университетінің құрамасы  иеленсе, бірінші орын С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің білімді ұл-қыздарына бұйырды.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28