ПАВЛОДАРЛЫҚ 61 СТУДЕНТ БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

 

Қазақстандық жастардың сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету - мемлекетіміздің стратегиялық басымдықтарының бірі. Соның дәлеліндей, жақында ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен елдегі жоғары оқу орындарында ақылы білім алып жатқан екі мыңнан астам студентке тегін білім гранты бөлінді. Аталған білім гранттарын үлестіру үшін аталмыш министрлік тарапынан арнайы комиссия құрылып, оқуға деген ынтасы мол, болашағы зор жастар іріктеліп алынды. Нәтижесінде, республиканың түкпір-түкпіріндегі 70 жоғары оқу орны бәйгеге қосқан 11 615 студенттің 2206-ы ғана мемлекеттік тегін білім грантына лайық деп танылды. Олардың қатарында Павлодар облысынан 61 студент бар. Атап өтерлігі, білім гранттарының басым бөлігі агрономия, техника және спорт мамандықтары бойынша оқып жатқан жастарға бөлініп отыр екен.

Жұма күні облыс орталығындағы Достық үйінде тегін білім гранттарын жеңіп алған студенттерге куәлік тапсыру салтанаты өтті. Игі шараға Павлодар, Екібастұз қалаларындағы жоғары оқу орындарының басшылары, ата-аналар мен грант иегерлері қатысты.

Инновациялық Еуразия университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Асқар Камербаев «Көліктің эксплуатациясы және тасымалдауын ұйымдастыру» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алған бір топ студентке куәлік тапсырып, оларды болашақта ел үмітін ақтауға шақырды. Бұдан соң «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша грант иегерлері атанған студенттерге куәлік тапсыру рәсімін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор Такир Балықбаев өткізді. Мемлекет қамқорлығына ие болған жастардың қуанышына ортақтасқан ол: «Егемен елімізде жарқын болашақ үшін көптеген жасампаз істер қолға алынуда. Бүгінгі шара - соның айғағы. Ендеше, сендер осы жақсылықты жүректеріңмен сезініп, жас мемлекетімізді көркейтуге, дамытуға өз үлестеріңді қосудан аянбаңдар. Сол үшін оқуда озат болып, Отанға адал қызмет етіңдер», - деді. Келесі кезекте С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Роза Қадысова сөз алып, талабы таудай студенттерді білімдегі жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ ол «Агрономия» мамандығының грант иегерлеріне куәлік тапсырды.

Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Болат Оңайбаев «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алған студенттерге куәлік беріп, барлық грант иелеріне жүрекжарды лебізін білдірді.

Салтанатты шара барысында ата-аналар атынан сөз алған Күләш Құлымбекова: «Баласының оқуы үшін ай сайын қомақты қаржы төлеп тұруға әр ата-ананың шамасы жете бермейді. Осыны дұрыс түсініп, бұл ұсынысты жүзеге асырған басшыларға айтар алғысым шексіз. Білімге құштар, талапты жастардың қатарынан қалыспай оқып-тоқуына жасалған зор мүмкіндік – оларды биік мақсатқа жетелер үкілі үміттің бастауы деп білемін», - деді. Ал грант иегерлерінің атынан алғысын жеткізген Сабина Сағынаева мен Асқар Тыныбаев мемлекет ұсынған бұл қамқорлықты ақтап, келешекте  сенімнен шығатындарын жеткізді.

Н.ШОДЫР.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31