ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Екібастұз қаласының №25 қыздар гимназиясында «Білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестациялауға дайындау және өткізу туралы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Шараға қала мен ауыл мектептерінің директорлары, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Арнайы ұйымдастырылған көрме мен әдістемелік құралдардың тұсаукесері іс-тәжірибе алмасумен жалғасын тапты. Қатысушы педагогтар топ-топқа бөлініп, шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Мәселен, мектеп директорлары арасында «Қазақ қыздар гимназиясының сипаттамасы» тақырыбы төңірегінде топтық жұмыстар мен тренингтер өткізілді. Жиын барысында география пәнінің мұғалімі Айнұр Жәңгірова және тарих пәнінің мұғалімі Айбек Хуандық Қазақстан тарихы пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық бойынша жаңа бағыттағы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ал Әсем Жаңбырбаева мен Гүлнәр Хамитова ҰБТ-ға арналып жасалған математика пәні бойынша 500 беттік электрондық әдістемелік оқу құралымен таныстырды. Семинарға қатысушылардың айтуынша, заман талабы білім жүйесіндегі қарқынды ұмтылысты қажет етеді. Сол себепті сапалы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар әлі де болса жетілдірілуі тиіс.

Апидаш РАҚЫМЖАНОВА,

№25 қыздар гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31