Он жылдан аса уақыт Павлодар қаласындағы Чайковский атындағы колледжде ұстаздық жасайтын Толқын Байбосынова - алғыс арқалаған жандардың бірі. Талай талантты шәкіртті өнер ұясынан ұшырған тәлімі мол ұстаз қазақ өнерінің көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Т.Байбосынова оқу ордасында домбыра сыныбынан сабақ береді. Оның оқушылары республикалық, халықаралық байқауларда жүлдегер атанған. А.Шүкенов, С.Өтемісова, Е.Сайырқан секілді жастар түрлі деңгейдегі өнер байқауларында Павлодар облысының намысын табысты қорғап жүрген жастар. Сондай-ақ, ардақты ұстаздың дәрісін тыңдаған Арай Ыбыраева Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде, Назира Қалыбаева мен Салтанат Өтемісова Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда білімдерін шындауда. Бүгінгі таңда Т.Байбосынова Маңғыстау күйшілерінің еңбектерін зерттеумен айналысып жүр.
Н.АХМЕТОВА,
Павлодар музыкалық колледжінің оқытушысы.

