ЖАС ЭКОНОМИСТЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Таяуда «Нұр Отан» ХДП, облыстық білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен экономика пәні бойынша VІ республикалық турнирдің аймақтық кезеңі өтті.
Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттырып, оларға кәсіптік бағдар беруді мақсат еткен турнирге облыс бойынша 70 оқушы қатысып, экономика саласында қаншалықты қабілетті екендіктерін көрсетті.
«Егемен ел экономикасының ертеңгі дамуы -бүгінгі жас ұрпақтың қолында десек, оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап осы салаға баулып, білімдерін шыңдау керек. Өндірісті өңірімізге экономиканы жетік меңгерген мамандар ауадай қажет», - дейді мамандар.
Атап өтерлігі, байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші - дайындық, екінші – аймақтық, ал үшінші - республикалық кезең. Алғашқы екі кезеңнен де сүрінбей, турнир талаптарын ойдағыдай орындаған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Енді олар үстіміздегі жылдың 28-30 наурызы аралығында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайды деп күтілуде.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31