Жуырда облыс орталығындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы мен Павлодар облыстық білім беру басқармасының ұйытқы болуымен «Білім беру жүйесі туралы ақпараттың оқушылар мен ата-аналарға қажеттілігін бағалау» деген тақырыпта аймақтық семинар болып өтті. Оған республиканың бірқатар облыстарындағы білім беру басқармалары мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының мамандары, сондай-ақ, облысқа қарасты қалалар мен аудандардағы білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтап, оған білім беру ұйымдары басшыларының да үн қосуын қамтамасыз ету.
Семинарға арнайы келген ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы зертханасының қызметкерлері бұл шараның маңыздылығына тоқталып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиынға қатысушылар да шара барысында талқыланған мәселелердің өзекті екендігін айтып, көптен көкейлерінде жүрген ұсыныстарын ортаға салды.
Нұржайна ШОДЫР.

