МАМАНДЫҚТАР МАДАҚТАЛДЫ

 

Өткен аптада Екібастұз қаласындағы №4 кәсіптік лицей оқушылары «Мамандықтар таныстырылымы» шарасын ұйымдастырып, оған мектеп оқушыларын шақырды.

Өздері игеріп жатқан мамандықтарын жан-жақты дәріптей білген лицей шәкірттері әр кәсіптің қыр-сырын, артықшылығы мен пайдасын түрлі көріністермен, әзіл-қалжың тілімен ерекше жеткізе білді.

Әсіресе, сылақшы-бояушылардың жөндеу жұмыстары жүріп жатқан сұлулық салонына кіріп кеткен бойжеткенді сәндеп шығаруды орындаған «Сұлулық салоны» атты қойылым өте сәтті көрсетілді. Айтары жоқ, бүгінгі таңда сылақшы-бояушы  мамандығы жоғары сұранысқа ие және олардың қызметі жоғары бағаланатыны белгілі.

Сондай-ақ, «Автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы - бүгінгі қоғамға аса қажет мамандықтың бірі. Өйткені, жыл санап мемлекетімізде автокөлік пайдаланушылардың қатары еселеп өсуде. Лицей оқушылары бұл мамандықтың қыр-сырын өлең шумақтарымен өрді.

Қоғамдық сұранысқа ие  маңызды мамандықтар ретінде газэлектрмен дәнекерлеуші, сантехниктер мен тас қалаушылар таныстырылды. Тағы бір ерекше мамандық ретінде интерьерді әсемдеу саласы ұсынылды. Бұл кәсіпті игергендер кейіннен өздеріне жарнама агенттіктерін, кәдесыйлар цехын, балаларды шығармашылыққа баулу клубтарын ашуларына болады.

Жас жеткіншектерге аталған мамандықтар жөнінде тереңірек ақпараттар беріліп, әр саланың өз ерекшелігі түсіндірілді. Шара соңы белсенді қатысқан топтарды марапаттаумен жалғасты.

Ж.ЖАПАРОВА.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31