Бала болашағының негізі – бастауыштағы тәрбие

«Тәрбиесіз берген білім қауіпті» деген екен Әл-Фараби. Ұлы бабамыздың осы сөзінің дәлдігіне бастауыш сыныпта істеген жиырма тоғыз жыл ішінде талай мәрте көз жеткіздім. Әлімсақтан дәстүрге берік дана халқымыз ұлттық құндылықтарды  бала бойына ерте жастан сіңіруді абзал санаған. Содан болар, табаны күректей жиырма жыл ішінде діліміз жаңғырып, тіліміздің тұғыры биіктей түсті. Алаштың керегесі кеңейді, іргесі бекіді. Тәуелсіздік таңы атқан тоқсан бірінші жылы дүние есігін ашқан бүгінгі ұрпақ талабы мол ел азаматтарына айналды. Бажайлап қарасақ, бұл -  білім ошақтарын тауысып, кәсіби мамандық алған тәуелсіздік құрдастарының алды екен. Яғни, ұстаздар еңбегінің бағаланып, лайықты жемісін көрер сәті мерейлі, асқақ мерекемен тұспа-тұс келіп отыр.

Қазақи тәрбие алған бала сол тәрбиені сақтап қалатыны сияқты, мектепте берген тәлімнің де маңызы ерекше. Тұлғалық әлеуеттің таным арқылы айқындалатын алтын кезеңі де осы балалық шақ, нақтырақ айтқанда, бастауыш сыныпта сіңірген білім нәрі екені даусыз.  Мектеп табалдырығын аттаған мезеттен-ақ оқушының емін-еркін ізденуіне жағдай жасап, талап-тілегіне сай өнеге үйрету - ұстаздың тікелей міндеті. Ал, қиялымен төске озатын бала көңілдің мүмкіндіктерін анықтап, қай пәнге бейім келетінін таразылау үшін бастапқы білімнің іргетасын қалау керек. Бұл тұста ата-ананың мойнына да ауыр жүк артылады. Қайықтың қос ескегі тәрізді, сәбиді екі жақтап алға жетелеуде ата-ана-ұстаз байланысы шығармашылықты қажет етеді. Хәкім Абайдың «Бес асылын» түйсігіне орап, ұядағы ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген жасөспірімнің санасы албырт шешімдерді қабылдаудан алшақ болары анық.  Төрт жылда қамтылған оқу жүйесін түйіндеп, жоғары сыныпқа көшкен шәкірттің «мамандық» атты бағындырар асуы жақындай түседі. Сайып келгенде, бастауышта алған тәрбиесі салалық біліммен ұштасып, кейін, нақты ғылымды игеруіне ықпал етеді. Хош. Кешегі балғын көзді ашып-жұмғанша белді азаматқа айналды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып кетті. Олардың алды лауазымды қызметтер атқаруда. Ендеше, «Білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіруде жергілікті ұстаздар мен ата-аналар сүбелі үлес қосып келеді» деп айтуымызға толық негіз бар.

Ағайша ШӘРІПОВА,

К.Мақпалеев атындағы №4 мектептің мұғалімі,

Павлодар қаласы. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30