АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ...

 

Жақында Екібастұз қаласындағы Абай атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектепте XI қалалық «Абай оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты - мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, жас буынды ұлы ойшылдың рухани мұрасымен сусындата отырып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу және дүниетанымдарын қалыптастыру.

Сайыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінде жас дарындар өз шығармаларын орындаса, «Көңілім әнді ұғады»  бөлімі бойынша  Абай мен Шәкәрімнің әндері немесе күйлерін орындау ұсынылды. Ал «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде қатысушылар ақын шығармаларын жатқа оқыды.

Үш бөлімнен тұрған байқау барысында  өздерінің дарындылықтарымен ерекшеленген балалардың ішінде ауыл мектептері оқушыларының ерекше үлкен дайындықпен келгендерін атап өткен абзал. Айталық, жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған да Комсомол, Марғұлан, Қарасу, Атығай, Екібастұз, Сарықамыс мектептерінің оқушылары. Ал қала мектептерінің ішінде өзінің ерекше дарындылығымен көзге түскен №5 мектептің 6 - қазақ сыныбының оқушысы Сәбит Мұқанов пен №25 мектептің оқушысы Зейнеп Түкенова болды.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша №22 мектеп-гимназиясының оқушысы Айдана Құрманиязова, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша №22 мектептің 10 - сынып оқушысы Нартай Қапанов, «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша №17 мектептің 7 - сынып оқушысы Септ Николай 1-орынды иеленіп, арнайы  дипломдармен марапатталды.

«Абай оқулары» байқауын тамашалап, оқушылардың дарындылығына тәнті болған  Комсомол орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сапар Қайырым мен №22 мектеп - гимназиясының мұғалімі Гүлбаршын Сейітова қатысушыларға жыр шумақтарын арнап, ізгі тілектерін білдірді.

Жеңімпаздар үстіміздегі жылдың 12 сәуірі күні өткен облыстық байқауда Екібастұз қаласының намысын қорғады.

К.СҮЙРІКБАЕВА,

Екібастұз қалалық білім бөлімінің әдіскері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30