ЖЕТКІНШЕКТЕР ЖАҒДАЙЫ - ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА!

 

Таяуда облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебінде «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін жетілдіру» деген тақырыпта республикалық семинар-кеңес өтті. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер және кәмелеттік жасқа толмағандардың тәртібімен айналысып, құқығын қорғауға жауапты өзге де сала мамандары қатысты.

Алқалы жиында ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған бейімдеу орталықтарының жұмысын жетілдіру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері де жан-жақты талқыланды. Семинарға қатысушылардың сөзіне қарағанда, қазір елде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық және қаңғыбастық әрекеттерінің азайғаны байқалады. Мәселен, облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша Павлодар өңірінде бүгінде түрлі себептерге байланысты ата-ана қарауынсыз қалған 600-ге тарта жеткіншек тізімде тұр. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір төмен. Сонымен қатар, шара барысында облыстағы кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасау мақсатында ашылған бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық тұрғыда сапалы қызмет көрсетіп келе жатқаны баяндалды. Бұл ретте өзге өңірлерге үлгі боларлық тұстардың аз емес екендігін атап өткен абзал.

Семинар-кеңесте сөз алған мамандар республиканың әр түкпірінде ашылған бейімдеу орталықтарының бір-бірімен  жиі тәжірибе алмасып тұрулары қажет екендігін алға тартты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер елімізде жеткіншектердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын, сол үшін осы салаға жауапты барлық тұлға өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау керектігін тілге тиек етті.

Шараға қатысушылар кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарының жұмысын жандандыруға байланысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30