«ЯССАУИ ОҚУЛАРЫ»

 

Екібастұз қаласындағы №17 мектепте «Яссауи оқулары» байқауы өтті. Шараның  шартына сәйкес, қатысушыларға Ахмет Яссауидің 25 хикметін және оның өмірбаянын білу керек болатын. Осы талап бойынша ортаға екі оқушыдан шығарылып, хикметтерді біріншісі бастап, екіншісі оның тоқтаған жерінен ары қарай жалғастырып отырды. Сонымен қатар, қатысушылар интерактивті тақтада ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, қабілеттерін көрсете білді. Ал байқау соңында пікір алмасу кезеңі өтті. Онда Өлеңті орта мектебі, №25 қыздар гимназиясы, №18 мектеп, Бәйет орта мектебі және №6 мектеп-лицейінің оқушылары ұтымды пікір айтып, ой-өрістерінің кең екенін дәлелдей білді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 1 - орынды Өлеңті орта мектебінің оқушысы Бекзат Мырзатаев, 2 - орынды №2 мектептің оқушысы Лаура Махметова, 3 - орынды №25 қыздар гимназиясының оқушысы Жібек Батыр иеленді. Бұл жеңімпаздар облыстық «Яссауи оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындармен оралды.

 

К.СҮЙРІКБАЕВА,

Екібастұз қалалық білім бөлімінің әдіскері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30