ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ «Ең үздік команда» аталымына ие болды

 

Таяуда Қостанай қаласында республикалық пән олимпиадасы өтті. Елдегі ең таңдаулы оқу озаттарының басын біріктірген білім додасына Павлодар өңірінен 49 оқушы қатысып, «Ең үздік команда» аталымын иеленіп, облысқа олжалы оралды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық пән олимпиадасына еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге тарта талантты оқушы қатысып, бақ сынаған. Байқаудың күрделі болғанына қарамастан, павлодарлық шәкірттер барлық пәннен жүлделі орын алды. Нәтижесінде, жеңіс қоржыны 7 алтын, 9 күміс, 11 қола медальмен толықты. Сонымен қатар, аталған олимпиадада алғырлық танытқан облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары Қайролла Жакупов пен Артем Клеванға білім гранты табыс етілді. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Сондай-ақ, бір топ дарынды шәкірт ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарында Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 11-сынып оқушылары Лейла Химатова, Ольга Кондратова, Артемий Черкасов, облыстық көп салалы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нурия Фаттахова, №39 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Альмира Қайыржанова, дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Самал Қауымбекова және Екібастұз қаласының №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Татьяна Шуравина бар.

 

Нұржайна ШОДЫР.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30