Республикалық «Қуан, сәби!» акциясы аясында Баянауыл ауданының орталығындағы мектеп-интернатында кездесу кеші ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Е.Айткенов, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Науразбаева, өңірдегі мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, ауыл тұрғындары және патронат отбасыларының мүшелері қатысты. Шара барысында патронат отбасыларына Алғыс хаттар жолданып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Кездесуге келген қауым назарына жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз тәрбиесіне алған отбасылар мен осындай шаңырақтарда тұрғысы келетін бүлдіршіндер туралы бейнекөрсетілім ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтар мен психологтар аудан тұрғындарымен және патронаттық отбасыларының мүшелерімен түрлі шаралар ұйымдастырып, балалар құқықтарының қорғалуы жөнінде кеңес берді.
Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Баянауыл аудандық
білім беру бөлімі.

