МАТЕМАТИКА – ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ПАТШАСЫ

Жайдары күн сәулесі нұрымен жарқыраған елордамыз Астана қаласында мамыр айының 11-12 күндері Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің  І съезі болып өтті.

«Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» атты тақырыпта өткен съезге 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негіз болды.

Астана қаласы «Қазақстан» орталық концерт залында съездің ашылуы болды.   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов съезге қатысушыларды құттықтап, кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын оқыды.

Съезд жұмысына 500 делегат, 573 шақырылған тұлғалар, ЖОО оқытушылары, ғалым-математиктер, білім беру басқармасының өкілдері мен шетелдік қонақтар қатысты. Съезде Қазақстандағы математикалық білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды:

• 12 жылдық білім беруге көшу мазмұны;

• математикалық білім беру сапасының артуы;

• педагогикалық кадрларды даярлау проблемалары;

• дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары;

• математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру;

• математика сабақтарын сапалы оқулық және әдістемелікпен қамтамасыз ету және заманауи қоғамға ұтқыр, болашақ перспективаны есептей алатын, озық жұмыс істей алатын мамандар қажеттігі.

Съезге қатысушылар ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы съездің мақсатына сәйкес келетін проблемаларды шешу және білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалатынын айтты.

Математикалық білім берудің мақсаттары мен оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыруда өз тәжірибесімен бөліскен Ресей Федерациясынан келген математика кафедрасының меңгерушілері В.А.Гусев, В.А.Смирнов; математикадан дарынды оқушылармен жұмыс істеудің  Халықаралық тәжірибесімен бөліскен Н.Х.Агаханов – Халықаралық математикалық олимпиаданың үйлестіру кеңесінің төрағасы болды.

Болгария Ғылым академиясының аға қызметкері Б.И.Лазаров математикалық білім беру проблемалары туралы өз ойларымен бөлісті. Екі күн бойы үздіксіз пленарлық баяндамалар, секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер аясында пікірлер алысқан съезд жұмысы да мәресіне жетті.

Жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілген съезге Павлодар өңірінен барған қатысушылардың ризашылығы зор. Білім басқармасының бастығы Б.М.Бексейітова бастаған съезд делегаттарының алған әсерлері жаңаша көзқарастар мен тың шешімдер қабылдауға себепкер болды.

Съездің жоғары дәрежеде өтуін білім беру жетістіктерінің көрмесі мен оқу әдебиеттерінің жәрмеңкесі, ҚР Білім және ғылым министірінің ресми қабылдауы және Астана қаласына саяхат жасау, мәдени бағдарламалар  көңілді сергітті.  Ерекше  есте қаларлығы - Назарбаев университеті мен Назарбаев интеллектуалдық мектебіне барғанымыз. Студенттерге, оқушыларға жасалған жағдайлар мен  оқу орындарының әсем де көрікті безендірілгені, сапалы құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілгені көз тоярлықтай. Әсем қаланың ортасында Астанамызға сән беріп, көңілімізге қуаныш пен шаттық сезімін ұялатқан білім ордаларының мәртебесі әрқашан биік болса екен. Осындай білім ордасында білім нәрімен сусындап жүрген өз шәкірттеріңді көргендегі қуаныш сезімінде шек болмайды. Бұлар «жас дарын» мектебінің түлектері – Хабибуллин Қуаныш пен Сұлтанғазинова Гүлжанат болатын.

Съездегі пікір алмасу Қазақстанда математикалық білім беруді түбегейлі жаңғыртуға бастама береді және осындай көзқарасты басқа да пәндік салаларға қолдану үшін үлгі болады. Кәсіби қарым-қатынастармен тәжірибе алмасу мұғалімнің мәртебесін, ролін жоғарылатуда және халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызы зор.

К.ҚАБЫЛОВА,

Съезге қатысушы, Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебінің математика пәні мұғалімі. (20221)  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31