БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ТАМАША ТАРТУ

 

Павлодар қаласында екі балабақша пайдалануға берілді

Кеше, Халықаралық балаларды қорғау күні мереке-сінде облыс орталығында екі балабақша іске қосылды. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының жемісі. Тоқсаныншы жылдары аталмыш балабақша ғимараттарына өзге мекемелер орын тепкен болатын. Араға жылдар салып нысандар мемлекет иелігіне қайтарылып отыр.

Аталмыш екі балабақшаның бірі Павлодар қаласының Теплов көшесі, 46-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Мұнда бұған дейін көркемсурет мектебі болған еді. Қазір ол мектеп Усолка шағын ауданына көшіріліпті. Балабақша жүз балаға шақталған. Төрт топ бар. Атап өтерлігі, оның екеуі - тілі кеміс бүлдіршіндерге арналған топ. Сондықтан мекемеде тәрбиешілермен қоса арнайы логопед мамандар жұмыс істейді. Ал екінші балабақшада (Мир көшесі, 11-үй) жүз қырық бала тәрбие алады. Аталған мектепке дейінгі мекемелерді қайта қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге жұмсалды.

Балабақшалардың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Жоламанов қатысып, балғындар мен олардың ата-аналарын қуанышпен құттықтады. Ал бүлдіршіндер өз кезегінде шағын концерттік бағдарлама әзірлеп, әсем ән мен биден шашу шашты.

Жалпы, соңғы үш жылда облыс орталығында он бес балабақша пайдалануға берілді. Соның арқасында, Павлодар қаласында бүгінде мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз етілген балалар саны 70 пайызды құрап отыр. Бұл - көңіл көншітерліктей көрсеткіш. Дегенмен, балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесі мұнымен бітпейді. Әлі күнге алты мыңға жуық бүлдіршін кезекте тұр. Мысалы, қазіргі кезде төрт жасар балалардың барлығы балабақшамен қамтамасыз етілсе, өз кезегін күтіп тұрған үш жасар бүлдіршіндердің саны 1,5 мыңға жеткен. Алайда, шаһар басшысы, ары кеткенде алдағы төрт-бес жылдың ішінде аталмыш мәселе толығымен өз шешімін табатындығын жеткізді. «Балабақша, шағын орталықтарды ашу ісі жалғасын табады. Біз қазіргі қарқынымыздан қалмауға тырысамыз. Мысалы, биыл мектепке дейінгі тағы алты мекеме пайдалануға беріледі. Осылайша, жыл соңына дейін менктепке дейінгі мекемемен қамтамасыз етілген бүлдіршіндердің санын 77 пайызға  дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді Б.Жоламанов.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30