БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Павлодар қаласындағы Достық үйінде дарынды балалармен кездесіп, өнер-білім, ғылым, тәрбие тақырыптарында ашық әңгімелескен болатын

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға облыстың қалалары мен аудандарынан 51 дарынды оқушы шақырылды. Олардың барлығы - халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегерлері.

Облыс әкімімен жүздескен талантты балалар ғылымдағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, егемен елімізді көркейтуге, гүлдендіруге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатының оқушылары Гауһар Әкімбекова мен Қанат Қабжәметов киелі Баянауыл өңірінде саяхатшыларды қызықтыру мақсатында екі қабатты киіз үй пішіндес қонақ үй салу керектігін айтып, оның макетін жасап көрсетті. Ал Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы, бірқатар республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Мәдина Маймақова қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгергендігін және Елбасының «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін жеткізді. Облысымызға танымал талант иесі Серікболсын Дүйсенбай жас ақындар айтысына қатысып, облыс намысын қорғаумен қатар, математика пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада да жүлделі орын иеленгенін, болашақта Астанадағы Н.Назарбаев университетінде білім алатынын айтты.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының айтуынша, кездесуге келген балалардың әрқайсысының жетістігі - бір төбе. Тек қана 2010-2011 оқу жылында облыс оқушылары АҚШ, Грекия, Кипр, Чехия, Румыния, Израиль, Қытай және Ресейде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 17 алтын, 26 күміс, 12 қола медальға ие болған екен. Ал республикалық олимпиадада облысымыздың құрама командасы 7 алтын, 9 күміс, 12 қола медальды қанжығасына байлап, «Ең үздік команда» атанған. Сонымен қатар, 22 жас зерттеуші республикалық ғылыми жарыстардан жүлделі орындармен оралған.  

Кездесу барысында оқушылар облыс әкіміне оның балалық шағы, өмірлік ұстанымы мен ұраны, сондай-ақ, өңірімізде туризм саласын дамыту, ашық бассейн салу және өздерін толғандырған өзге де сауалдарын қойып, әңгіме-дүкен құрды.

Шара соңында Бақытжан Сағынтаев барлық оқушыға «Дарын-2011» белгісін тапсырып, Ноут-бук компьютерлерін сыйға тартты.

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30