ЕРТЕҢ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛАДЫ

 

Ертең облысымызда мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқаны басталады. Атап өтерлігі, биыл алтын ұя мектебімен қоштасқан 6029 павлодарлық түлектің 5144-і (85,32 %) ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген.

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, аймақ түлектері маусым айының 5, 7 және 9-ы күндері 10 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсыратын болады.

Тестілеу шарасы Павлодар қаласындағы үш, Екібастұз қаласындағы бір жоғары оқу орындарының базасында және Ақсу қаласы мен Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Қашыр, Ертіс аудандарының орталығында өткізіледі. Ал Успенка, Лебяжі, Павлодар, Шарбақты аудандарының түлектері ҰБТ-ны облыс орталығындағы жоғары оқу орындарына, Май ауданының мектеп бітірушілері Ақсу қаласына келіп тапсырады деп жоспарлануда

Сонымен, ертең, яғни 5 маусым күні облыстың 3010 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, ал 7 маусымда - 1783, 9 маусымда - 351 мектеп бітіруші бақтарын сынайды.

Орта мектепте он бір жыл бойы алған білімін таразылағалы отырған облыс түлектеріне сын сағатында сәттілік тілейміз.

Нұржайна АҚЫТЕГІ.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30