БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҒЫМЫЗ

қала басшысы Б.Жоламанов мектеп бітіруші түлектермен кездесті

17 маусым күні Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов шаһардың ең үздік мектеп бітіруші түлектерімен кездесті. «Достық» үйінің «Достық» залында өткен салтанатты шарада қала басшысы «Алтын белгі» иегерлерін, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

- Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында үнемі білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөледі. Алғырлығымен, дарындылығымен көзге түскен ұл-қыздарымызға әрдайым қолдау көрсетеді. Соңғы екі-үш жылда Павлодар облысының түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл ретте Павлодар қаласындағы орта мектептердің оқушылары айрықша белсенділік танытатыны жасырын емес. Биылғы жылы да павлодарлық түлектер көңіл көншітерліктей нәтижелерге қол жеткізді,-деді өз сөзінде Бақытжан Төлеужанұлы. Оқушыларды үлкен өмірге қадам басуларымен құттықтаған ол түлектердің алдағы ғұмырлары тек қана жеңіс пен жеміске толы болсын деген ақ тілегін жеткізді. Сондай-ақ, салтанатты шарада Павлодар  қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Клавдия Арынғазина мен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина түлектерді құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

(бұл туралы толық мақаланы газетіміздің №69 санынан оқисыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30