САНАҒА СӘУЛЕ ТҮСІРЕР КІТАПХАНА

 

     Биыл Павлодар облысының зағиптарға кітапханалық қызмет көрсету саласына 40 жыл толады. Бұл бағыттағы істер Қаз КСР Мәдениет министрлігінің 1969 жылдың 12 ақпанындағы қалалық №17 кітапхана негізінде «Зағиптарға арналған арнайы кітапхана ашу туралы» бұйрығы негізінде басталды. Ең алғашқы меңгерушісі, кейін директоры болып Татьяна Владимировна Вишня (Сычевая) тағайындалды.
     Зағиптарға арналған кітапхана - ерекше мекеме. Дәл осы кітапханада тиісті талапқа сай, қажетті формада берілген ақпараттар шоғырланған. Ал бұл ақпарат зағиптар үшін ауадай қажет. Шыны керек, кітапханашылардың бірнеше ұрпағы күн сайынғы қажырлы еңбектерінің арқасында аталмыш кітапхананы жасады. Бүгінгі күні қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейге жетті. Мұндай жетістікке жету үшін жарқын әлемді көру қабілетінен айырылған жандарға қол ұшын беруге құштар азаматтар тер төкті. Оқырмандарымызды кіреберісте отырған қызметкер қарсы алып, қызмет көрсету кафедрасына, каталогтық шкафтарға және кітаптар қойылған сөрелерге жеткізеді. Бәрі де мұқтаж жандарға жәрдемдесуге құштар. Жасыратыны жоқ, өне-бойы проблемаға толы зағип жандармен жұмыс істеу өте күрделі. Осы күнге жету жолында шығындалған қаражатты, күш-жігерді өлшеп, дөп басу қиын. Біздің кітапханаға баламалы кітапханалар әлемде жоқтың қасы. Шетелде сияқты тапсырыс бойынша кітапты поштамен жеткізбейміз. Оқырмандарымызды есікті айқара ашып, күтеміз. Оқырмандарымыз кітапханаға жұмыстан кешіккендей асығады. Ол тек қана кітапқа асықпайды, сонымен бірге жылы қарсы алып, қалаған тілегін орындап, бәйек болатын кітапханашымен әңгімелесіп, жадырап қалуды аңсайды.
     Дәстүрлі тәсілдермен қатар өзге де арнайы амалдарды қолданамыз. Мысалы, брайлевтік және «сөйлейтін кітаптар» - зағиптарға арналған ақпарат көздері. Сондықтан жатық баспа өнімдерін, әсіресе анықтамалықтарды қолданамыз. Оқырманға қажетті материалдарды қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері, кітапханашылар өздері тауып, тіпті кейде оқып та береді. Оқу залында кітапханашы-дауыстап оқып беруші маманы зағиптарға жатық баспа өнімдері материалдарымен жұмыс істеуге жәрдемдеседі. Ал дауыстап оқу және әрбір оқырманмен жеке жұмыс істеу үшін арнайы кабинкалар қарастырылған. Егер оқырман денсаулығына байланысты кітапханаға келе алмайтын жағдайда болса, ол «Үйге арналған абонемент» қызметін пайдалана алады. Біз телефон арқылы кітап таңдап, оны үйіне жеткізіп береміз.
     «Сырттай абонемент» қызметі аймақтың барлық елдімекендеріне сұраныс бойынша әдебиет жібереді. Мүгедектерді кітапханалық қызмет көрсетумен толық қамту мақсатында аудандық орталық кітапханалармен келісімге отырып, арнайы кітапханалық пункттер аштық. Бұл пункттерде дауыстап оқудың үйірмелері, өзге де клубтар жұмыс істейді. Кең көлемде мәдени-көпшілік жұмыс өткізіледі. Өйткені ол жерлерде жігерлі, зағиптардың жағдайына бей-жай қарамайтын адамдар қызмет етеді.
Кітапхана жұмысында қолайлы микроклимат құру да өзіндік маңызға ие. Яғни әрбір оқырманның психологиясын, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әрбіріне ілтипат таныту қажет.
     Кітапхана мерейтойымен барша оқырмандарымызды, әріптестерімізді, осында тер төккен тұрғындарды құттықтаймыз.

Наталья МАЗУРИНА,
зағиптарға арналған кітапхана ардагері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31