Бірінші қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәні енгізіледі. Бұған дейін аталмыш пән тәжірибе түрінде жүргізіліп келді. «Өзін өзі тану» курсының бағдарламасы мұғалімдерге тұлғаны жаңадан тәрбиелеу және қалыптастыру мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға қолғабыс жасады.
Жаңа оқу жылында енгізілетін пән 1-11 сынып оқушыларына аптасына бір сағат мөлшерінде оқытылады. Мектепке дейінгі және мектепалды оқу мекемелерінде жоғары және дайындық топтарында «Денсаулық» және «Таным» пәндері есебінен өткізілсе, бастауыш және негізгі сыныптарда мектеп компоненті есебінен болмақ. Ал 10-11 сынып оқушылары «Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы» пәні есебінен оқитын болады. «Өзін-өзі тану» пәнін 1-4 сыныптарда бастауыш сынып мұғалімдері оқытса, 5-11 сынып шәкірттеріне бұл пән бойынша сабақты валеология, әдеп және отбасылық өмір психологиясы немесе психология мұғалімдері жүргізеді. Жаңа пән бағдарламасы білімді ғана емес, сонымен қатар рухани дамыған, азаматтық, патриотизм және жоғары мораль рухында тәрбиеленген тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Облыс білім беру басқармасының
адамның адамгершілік-рухани
дамуы бөлімі.

