«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІМДЕ!»

дейді ұстаздар

      Ақсу қаласындағы №2-ші қазақ орта мектебінде қала мен ауыл өңірлері білім беру саласы қызметкерлерінің кеңесі өтті. Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақсу қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов, облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова және қалаға қарасты мекеме басшылары, мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы қатысты. Жиын барысында бірқатар ұлағатты ұстаздар марапатталды. Аймақ басшысы жарты ғасыр бойы білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан ардагер ұстаз Ізбасар Үсеновке салтанатты түрде жеңіл автокөлік кілтін табыс етті.
     Ақсу қаласының түкпір-түкпірінен келген педагог мамандардың басын қосқан тамыз кеңесі өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында атқарылатын іс-шараларды талқылауға бағытталды. Бұл жөнінде Ақсу қалалық білім беру бөлімінің бастығы Серік Солтанов баяндап берді.
     Елбасының «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу–Қазақстанның Жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім беруге қатысты жүктелген міндеттер де жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер саны 39 пайыздан 77 пайызға дейін артқан. Бүгінгі таңда Ақсу қаласына қарасты ауылдық мектептердің барлығында шағын орталықтар бар. Жақында Сарышығанақ, Ақжол, Сольветка, Спутник ауылдарында 4 шағын орталық ашылған. Қала түбіндегі «Теремок» және №18 балалар бақшасы қайта қалпына келтіріліп, №12, №16, «Чайка» балалар бақшасының алаңдары босатылған. Қазір қаладағы үш бірдей мектеп ішінде шағын орталықтар жұмыс істеуде.
     Сонымен қатар жалпы орта білім беру мекемелерін заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі де оң жолға қойылған. Осы оқу жылында Ақсу аймағының мектептеріне 20 интерактивті тақта орнатылған. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін табуда. Сондай-ақ ағымдағы жылы Ақсу қаласына қарасты мектептерді тәмамдаған түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуден орта есеппен 82,92 балл алған. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің 92 пайызы өз білімдерін дәлелдеген.
     Алқалы жиында қаланың білім беру саласында қол жеткізген басқа да жетістіктері жан-жақты сөз болды.
     Алты жүзден астам ақсулық педагогтар қатысқан тамыз кеңесін облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қорытындылады. Ол өңірдің білім беру саласында жеткен жетістіктердің барлығы – ұстаздар қауымының зор еңбегі екенін атап өтті. Мемлекет тарапынан жас ұрпақтың жақсы білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалып, ұстаздар қауымына да барынша қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
     Ауыл мектептерін көркейту мақсатында мемлекет ауылдық жерде қызмет істегісі келетін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көмектер жасап жатқанын мәлімдеді. Алайда, мемлекет ұсынған бұл көмектің көп жағдайда керекті жеріне жетпей қалатынын, тіпті кейбір мұғалімдер одан мүлдем хабарсыз екенін айтып, жергілікті әкімдерге республика бюджетінен бөлінген қаржыны өз мақсатына дұрыс пайдалану керектігін тапсырды.
      Кеңес соңында Ақсу қаласына қарасты мектептердің ең таңдаулы ардагер ұстаздары, үлкен жетістікке қол жеткізген мектеп директорлары мен дарынды мұғалімдер марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ауыл мектептері арасында жоғары көрсеткішке ие болған Айнакөл орта мектебіне мультимедиялық кабинет сыйға берілді.
      Бұдан соң Бақытжан Сағынтаев осыдан алты ай бұрын пайдалануға берілген №2-ші жаңа қазақ орта мектебін аралап көрді. Аталмыш мектептің директоры Мария Қасенованың айтуынша, мұнда 900 оқушы білім алады. Мектеп жанынан ашылған шағын орталықта 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. Атап өтерлігі, онда оқушылардың заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалынған. Аймақ басшысы осы күні іргетасы қаланғалы отырған 280 орындық жаңа бала бақша алаңында да болып, жұмыс барысымен танысты. Бұл ғимарат ағымдағы жылдың 30-шы қазанына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар ол Ақсу қаласындағы орталық жағажайда жаңадан орнатылған балалар қалашығы мен шағын футбол алаңын көрді. Балалар игілігіне берілген бұл қалашық пен спорт алаңын салуға Ақсудағы үш ірі кәсіпорын демеуші болып, өз қорларынан 9800 миллион теңге қаражат бөлген екен.

Нұржайна ШОДЫР,
Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30