Павлодарское ауылының № 40 мектебінде бүлдіршіндерге арналған шағын орталық ашылды. Мұнда балдырғандар қазақ және орыс тілдерінде тәрбиеленеді.
Мекеменің ашылу салтанатына Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина қатысты. Ол мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ауылдағы орталықта жасалған жағдай қалалық мекемелерден еш кем түспейтінін атап өтті.
Шағын орталыққа 50 бала жолдама алды. Оларға мұнда ойын және жатын бөлмелері жабдықталып, жиһаз-мүліктермен, ойыншықтармен толтырылды.
Айта кетерлігі, 1 қыркүйекте Павлодар қаласы бойынша барлығы 20 мектепте 44 топ ашылды, оларға жалпы алғанда 1000-нан астам бала барады.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

