Үшқұлын орта мектебінің ұстаздар қауымы өз оқушыларын қазіргі заман талабына сай етіп тәрбиелеу мен оқытуды басты мақсатқа қойған. Оқушыларымызды болашаққа ашық көзбен қаратып, өз жері мен еліне қызмет ететін азамат тәрбиелеу үшін бар күшімізді салудамыз.
Бала тәрбиесі жолында мектебімізге әрдайым көмек көрсетіп, қол үшін беретін азаматтарымыз баршылық. Әсіресе, «Қазақстан аллюминийі» АҚ-ң ұжымына айтар айлығымыз шексіз. Бұл алпауыт кен орны біздің мектебімізге он жыл көлемінде демеушілік көрсетіп келеді. Жылдағы дәстүр бойынша жуырда Үшқұлын орта мектебінің он оқушысы «Қазақстан аллюминийі» АҚ-ң президенті А.Ибрагимовтың шақыруымен Павлодар қаласына бір күндік саяхатқа барып келді. Саяхат бағдарламасына сәйкес біздің оқушыларымызбен зауыт басшысымен кездесту ұйымдастырылды. Балалардың қуанышында шек жоқ. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әңгіме-дүкен құрды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті кеңсе заттары мен киім-кешек сыйлаған жомарт азаматтарға ризашылығын білдірген олар сабақты жақсы оқимыз деп уәделерін беріп жатты.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осындай пейлі жомарт азаматтарымызға мектеп ұжымы атынан шын ризашылығымды білдіремін.
Г.ТҮКІБАЕВА,
Үшқұлын негізгі мектебініңбілім беру мектебінің тіл маманы.

