КӘСІПОРЫН ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

      Білім күні Павлодар қаласындағы Политехникалық колледжде кең көлемде аталып өтті. «Қазақстан алюминийі» АҚ басшылығының арқасында құрылған колледж бүгінгі таңда облыстағы белді білім ошақтарының бірі саналады. Білім ордасында өткен салтанатты мерекеге колледждің іскерлік қатынастағы серіктесі «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның вице-президенті Мұратқазы Жанғазақов және Павлодар облыстық білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Сүйіндікова қатысты.
      «Бүгінгі таңда Политехникалық колледжде 600-ге тарта студент білім алады. Биыл білім ошағына 150-ден аса оқушы қабылданды. «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның арқасында колледжде автоматты басқару мамандығы ашылып, түлектер даярланатын болды. Бұл мамандық облыс бойынша біздің колледжде ғана ашылып отыр. Біздің студенттердің басым бөлігі жазғы уақытта «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз зауытында» жұмыс атқарып, тәжірибелерін пысықтайды. Зауыт басшылығы білімді әрі білікті жас мамандарды өз қатарларына алып жатыр»,- деді Политехникалық колледждің директоры Валерий Якутов.
      Политехникалық колледж 1998 жылдан бастап «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз» зауытына қажет мамандарды даярлайды. Білім ордасының студенттері мен түлектері аталған зауыттарда өндірістік тәжірибеден өтіп, өз мамандықтары бойынша жұмыстарын ары қарай жалғастырады. «Қазақстан алюминийі» АҚ-ында жұмыс жасайтын 12 мыңнан аса жұмыскердің төрттен бірі осы колледждің түлектері екенін атап өтті өз сөзінде колледж директоры. Валерий Леонович политехникалық колледж көптеген ұлт өкілін бір шаңырақ астына сыйдырып отырған мекеме екенін айтты. Қазіргі таңда мұнда 20 дан аса өзге ұлт өкілдері білім алады екен.
        Сонымен қатар биыл политехникалық колледжге «Қазақстан алюминийі» АҚ қомақты қаражат бөліп, мекемеге заман талабына сай жабдықталған технологияларды сыйға тартқан. Колледждің бес бірдей сыныбына интербелсенді тақта орнатып, заманауй компьютерлермен жабдықтаған. Сондай-ақ, спорт бөлмелерін қалыпқа келтіріп, шеберханаларды жаңа құрал-жабдықтармен толтырғанын атап өтті салтанатты мерекеде сөз алған «Қазақстан алюминийі» АҚ вице-президенті Мұратқазы Жанғазақов. «Қазақстан алюминийі» АҚ ашылғаннан бері №7 кәсіптік лицей мен политехникалық колледж бізбен тығыз қарым-қатынаста. Аталған білім ордаларының түлектері жыл сайын біздің зауытқа жұмысқа түседі. Соған байланысты оқушыларды өзімізге тарту үшін жыл сайын 1 қыркүйек білім күнінде аталған мекемелерге барып, студенттерді арнайы құттықтау дәстүрге айналған. Міне, биыл политехникалық колледжді заманауи технологиялармен жабдықтадық. Бұл серіктестіктің алға қарай ілгерілегенін көрсетеді»,- деді өз сөзінде Мұратқазы Абылайұлы.
       Салтанатты мереке барысында «Қазақстан алюминийі» АҚпрезиденті А.Ибрагимов пен С.Будонның бірлесіп жазған «Қазақстан бокситінен тотықтырылған құнарлы топырақ өндіру технологиясын дамыту» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған кітаптың 50 -ден аса данасы колледж студенттеріне оқулық ретінде тапсырылды. Сондай-ақ зауыт басшылығы колледж ұжымына жаңа қағаз шығарғышты сыйға тартты. Колледжде білім беретін білікті ұстаздар да елеусіз қалмады. Мұратқазы Жанғазақов мекеменің бірқатар ұстаздарына «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің Алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етті.
Шара барысында сөз алған «Қазақстан алюминийі» АҚ бас маманы Е.Александровна зауыттың дамуына ерекше үлес қосқан адамдар және зауыттың тарихынан тың деректер беретін энциклопедиялық кітапті колледж басшысына сыйға тартты. Павлодар облыстық білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Сүйіндікова болса Қазақстан Республикасының білім министрлігінің марапаттарына ие болған ұстаздардың Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар үздік студенттерге де зауыт басшылығы тарапынан арнайы сыйлықтар үлестірілді.
       Колледждің 4 курс студенті Дарина Бүгежанова түсті металлургия саласында білім алады. «Қазақстан алюминийі» АҚ басшылығына рахметін айтқан ол алдағы уақытта еліміздің білікті маманы болуды армандайды. Тіпті, «Политехникалық колледжде оқығаныма мақтанамын» деп ағынан жарылды.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30