ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

      Биылғы жаңа оқу жылына арналған салтанатты шара Қашыр ауданының барлық мектептерінде лайықты деңгейде аталып өтті. Қызылтаң орта мектебінде өткен білім күні мерекесіне аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Айгүл Марданова қатысты. Жиналған жұртшылықты жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған ол ұстаздарға шағырмашылық табыс, оқушыларға білім жолында ақ жол тіледі. Шаттыққа толы бұл күні мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге жоғары сынып оқушылары кішігірім сыйлықтарын ұсынды.
      Осындай мереке аудан орталығыТереңкөл ауылының білім мекемелерінде де жан-жақты аталып өтті. Игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, ауданымыздың елді мекендеріндегі аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен жетім жеткіншектерге қамқорлық танылып, қажетті заттар табыс етілді. Аталмыш қайырымдылық шарасына «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы депутаттық фракциясының мүшелері де бұл шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер және аудан мәслихаты депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлмира Нұрханова мектеп жасындағы 40 балаға қайырымдылық көмек көрсетті.

Г.ЖАЯБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30