Білім күні қарсаңында аудан орталығы, Ертіс ауылының «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген №1 жалпы орта білім беру мектебінде кішкентай бүлдіршіндерге арналған шағын орталық есігін айқара ашты. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі В.Левченко жиналғандарды қос қуанышпен құттықтады. Сондай-ақ ол өз сөзінде ауданның Қарақұдық, Сілеті, Бұланбай, Амангелді, Тоқта, Ағашорын, Ынтымақ, Панфилов, Қызылағаш, Үлгілі сынды ауылдарында осындай тағы он шағын орталықтың ашылғандығын жеткізді. Онымен қоса, келесі жылы Ертіс ауданында жаңа балабақша бой көтермек.
Шара соңында мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания басшысы Р.Дәулетпаев білім ошағына аквариум сыйлады. Ал мектептің бұрынғы түлектері С.Малышев пен Н.Ахметов қаржылай сыйлықтарын тарту етті.
А.ЕЛІБАЙҚЫЗЫ.

