«АҚБОТА» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ

 

балғындарға қуаныш сыйлады

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 4 бөлімі «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» деп басталған. Адам-елдің басты байлығы болатын болса, ол байлықтың құнды, мағыналы, мазмұнды болуы тәрбие мен білімнен бастау алады. Сондықтан еліміздің Президенті осыған аса көп көңіл бөліп, жағдай жасауда. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының «Білім беру» атты бөліміндегі «2010 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестіктің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама.Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс» деген сөздері іске асып жатқандығына куә болып отырмыз.
      Қарт Ертістің жағасындағы Усолка мөлтек ауданында орналасқан № 25 жалпы орта білім беру мектебі бұл күні көтеріңкі көңілге, жазғы демалыстан тынығып, демалып қайтқан мектеп оқушылары мен жаңа балабақшаға барам деп қуанып келген кішкене сәбилердің шат күлкісіне тұнып тұр. «Тойдың болғаннан «боладысы» қызық»,- деп атам қазақ айтпақшы, бүлдіршіндердің бар жағдайын жан-жақты ойластырып, үйлестіріп, сәбилердің болашақ тұрағы – шағын орталықты даярлау барысы да өз мәресіне жетіп, бүгін міне көптен күткен ұлы той – «Ақбота» шағын орталығының ашылу күні де келіп жетті.
       Әрине, шағын орталықтың ашу рәсімін «Қайтсек осы бүлдіршіндердің бар жағдайын жасаймыз»,- деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, құрылыс болсын, өңдеу жұмысы болсын, тіпті жиһаз, ойыншық, басқа да қажетті құралдарды таңдап, қабылдап, оны әдемі эстетикалық салтанатпен орнықтырып, басы-қасында болған, ерен еңбегімен елдің құрметіне бөленген мектеп директоры Бұлғын Жалмағамбетова атқарды. Құттықтау сөзінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыру туралы тапсырмасының бүгінгі күні орындалғандығын атай келе, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, жүздеріне шат күлкі, жүректеріне қуаныш пен мейірімділік ұяласын деп тілек тіледі.
       Мерекеге ресми қонақ ретінде шақырылған Усолка мөлтек ауданы әкімшілігі өкілдері Зүлфия Беганаева мен ардагерлер кеңесінің төрайымы Октябрина Гончарова да кішкене сәбилерге құттықтау сөздерін жолдады.
Шағын орталықтың тұсауын мектеп директоры Б.Жалмағамбетова мен Усолка мөлтек ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Мәжіт Теміртайұлы кесті.
        Мереке соңында өз істерінің шебер мамандары – тәрбиешілер балаларды мектептің төрінен орын алған 50 балаға арнап жабдықталған шағын орталық бөлігіне алып жүрді. Кең дәлізді, екі оқу бөлмесі, екі ойын бөлмесі, шешініп, киім ауыстыратын кіре беріс бөлмесі, дәретхана, гигиена бөлмелері бар жаңа қоныс ата-аналардың да көңілінен шықты, ал сәбилер қуана да, қызыға да аяқ басты.
       Ертең-ақ қияға қанат қағатын, еліміздің болашағы – сәбилерімізге қанаттарың талмасын, өмірлерің бақытты да шатты болсын, ал елімізге, алтын ұя мектебімізге әрі қарай да гүлдене бер, өркениеттене бер дейміз!

Ажар ТЕКЖАНОВА,
№25 мектеп директорының орынбасары,
Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30