Лебяжі орта мектебі жаңа оқу жылында эксперименттік гимназия сыныптарының ашылуымен ерекшеленіп отыр. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын және жеке пәндер бойынша тереңдетілген дәрістер жүргізетін гимназия сыныптарының жұмысы Қазақстан Республикасының «ҚР Білім беру туралы заңы» мен білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылмақ. Гимназия сыныптарына оқушылар сынақ нәтижесінде іріктеліп алынды.
Бұл сыныптарда гуманитарлық саланы тереңдетіп меңгерту мақсатында тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, тіл грамматикасы және ағылшын тілі пәндерін оқыту көзделеді. Білім берудің негізгі талаптары бойынша гимназиялық сыныптарда тек жоғарғы немесе бірінші санаттағы тәжірибелі мамандар сабақ бере алады. Мектеп директоры Галина Кереева бұл жүйенің жоғары оқу орнымен байланыста болатынын және арнайы бағыттаушы ылыми жетекшімен жұмыс жүргізіліп отыратытын айтты.
Б.САҒИДОЛДА.

