«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ – РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗІ

        Адамгершілік-рухани тәрбиелеудің қажеттілігін қазірден-ақ байқауға болады. Бүгінгі күні бүкіл әлем жалпы адамдық құндылықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын іздеу үстінде.
        Қазақстан қоғамының білім беруге әлеуметтік тапсырысы - адамның дара тұлғасы мен бостандығы қадірленетін, әрқайсысысының абыройы, намысы мен беделі бағаланатын, жоғары мораль мен этикалық стандарттар және рухани құндылықтары сияқты мүмкіндіктері бар қоғам ретінде болашақ еліміздің бейнесін құраған бағдарламалық мақсаттарды көздейді.
       ҚР Білім және ғылым министрілігімен «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 оқу жылынан бастап балабақшалар, жалпы білім беру мекемелері және жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізуге шешім қабылданды. Бағдарламаның негізі – балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескерумен қатар олардың адамгершілік және рухани сапаларын дамыту. Жаңа тарихи контексте ең алдымен гуманистік ұлттық идеялардың, халық бірлігінің, отбасы мен жеке тұлға құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету керек. Оған еліміздің әр аймағында бірегей оқу курсын көп жылдық тексеруден өткізу алғышарт болды.
       2002 жылы еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік-рухани тұрғыда дамыту бойынша «Өзін-өзі тану» атты кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша даналықтың шыңы, ол - махаббат, ал бақыт құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жетуі үшін шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасын апробациялау бойынша эксперименттің басталуы жаңа мыңжылдыққа дөп келуі өте мәнді.
       Павлодар облысында «Өзін-өзі тану» курсын апробациялау эксперименті 2002 жылы Павлодар қаласының № 24, 25 орта мектептерінде, № 111, 10 балабақшаларында және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында, Ақсу қаласының №2 балабақшасында және №35 мектебінде, Екібастұз қаласының №9 балабақшасында басталды. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерімен балалардың оқудағы және тұлғалық жетістіктеріне жүргізілген мониторинг нәтижесі психофизиологиялық, жеке дара психологиялық, тұлғалық, шағын топтық, әлеуметтік деңгейде балалардан тұрақты оң динамика байқалатындығын көрсетті. Бұл-жаңа курсты енгізудің мақсаты болып табылады.
       Эксперимент аяқталды, бірақ өзін-өзі тану курсын енгізу курсы бойынша жұмыстар әлі аяқталған жоқ және білім беру ұйымдарының алдында жаңа міндеттер тұр! Әрине, өзін-өзі танушы педагогтың тұлғасына қойылатын талаптар ерекше, егер адам шынайы педагог болса, одан махаббат сәулесі төгіледі, сондықтан өзін-өзі тану пәнін бала оқытуды өзіне міндет етіп қойған адамдарға ғана дәрістей алады. Ол үшін оларды бірінші сыныптағылар сияқты махаббат пен рақымшылық «алгебрасы» бойынша өмір сүруге үйрету керек. Педагог кадрлардың және облыстың басшылық қызметтегі жұмыскерлердің біліктілігін арттыру үрдісінде курстық және әдістемелік іс-шаралар, соның ішінде білікті дистанциондық жоғарылату курстары өткізілді. Жұмыс орнында педагогтарды оқыту, тәлімгерлік, мұғалімдердің бір-бірінен білім алу мүмкіндігін құру әлемде оқытушылықтың сапасын арттырудың тиімді әдістері болып табылады. Сондықтан семинарға қатысуға барлық дерлік экспериментшіл-педагогтар шақырылды, олар облыс пән мұғалімдерін шеберлік сыныбы форматында тәжірибелерімен таныстырды. Өткізілген семинарлар мен шеберлік сыныптар барысында қатысушылар өзін-өзі танудың бүгінгі таңдағы педагогикалық технологияларын енгізудің практикалық тәжірибесімен танысты: жобалық іс-әрекет, дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т.б. Өздерінің тәжірибелерімен экспериментатор мұғалімдер педагог оқуларында, ғылыми-практикалық конференцияларында белсене бөлісті.
       Уақыты бойынша ұзақ және қамтуы бойынша кең эксперимент балалар мен студенттік жастарда адамгершілік-рухани білім берудің оң тәжірибесі жинақталғанын көрсетті. Эксперимент жылдарында өте бай жұмыс тәжірибесі жиналды, әдістемелік қоржын жинақталды, мемлекеттік және педагогикалық құрылымдармен, кең қауымдастықпен табысты және өте тығыз қарым-қатынас орнады. Негізгі алаңдар тәжірибесінен педагогтар, өзін-өзі тану арқылы оқушыларда ең жақсы сапалы және шығармашылық қабілеттер дамитынына, өзінің ішкі жан дүниесін ұғу арқылы өзін-өзі оң тану қалыптасатына көз жеткізді. Балалар ар-намысты бағалауға, жаңашылдыққа ашық болуға, ұлттық және жалпы адамдық мәдениетті дамытуға үйренеді, материалдық игілікке ғана емес, рухани байлыққа да ұмтылады.
       Адамды үйлесімді дамыту міндетіне білім беру үрдісінде оның әлемдік және ұлттық мәдениеттің ең жақсы үлгілерін, құндылықты игеру арқылы ғана қол жеткізілетіндігіне көз жеткізілді. Өйткені, тұлғаның дүниетанымдық және мінез-құлық бағдарлары қамтамасыз етілсе ғана берілген білім сапалы болады.

С.ӘБІЛДИНОВА,
Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау
департаментінің бас маманы.

 

Пікірлер  

 
0 #5 fdfd\fdf 21.03.2012 22:54
жаксы бизге оте оте катты унад
Цитировать
 
 
+1 #4 Өзін-өзі тану 28.01.2012 05:06
Маған унады, өте жақсы мен өзін-өзі тану сабағын жақсы көрем, себебі өзін-өзі тану сабағында адамның белашақта өзінің өмірін біліп, алдына мақсат қойып ,сол армандаған мақсатын жетуге умтылады деп ойлаймын рахмет
Цитировать
 
 
-4 #3 өзін-өзі тану пәні 20.12.2011 05:50
нуу маган кейбір жерлері ұнаған жоқ және өз басым өзін - өзі тану пәнін аса ұнатпаймын . бірақ жақсы жазғансыз
Цитировать
 
 
0 #2 уц 17.03.2011 05:53
:-* :P :zzz :roll: :sad: :D :-) :roll:
Цитировать
 
 
0 #1 С.Әбілдинова ханымға 25.02.2011 02:41
Сәлеметсіз бе? Амансыз ба? Сіздің жазған мақалаңызбен таныстым. Өте тамаша! Жас жеткіншектер мен жасөспірімдерді ң өзін-өзі тану әдісіңізді қатты қолдаймын. Ел болашағы жастардың елге қызмет ету сияқты Алаш азаматтарының көкейіндегідей елдік санасын қалыптастыру барысында бірге жұмыс атқарып барсақ деген ұсыныс айтқым келеді.Хабарыңызды күтемін. мекен-жайым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Философия және Саясаттану факультетінің,Ә леуметтану мамандығының 3курс студенті Лесбеков Жұмағани E-mailim
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30