Ақсу қаласының гимназиясында көптеген білікті де тәжірибелі ұстаздар бар десек, солардың бірі – Қанифа Ерқасова. Ол химия пәні бойынша балаларға сапалы білім беруде. Химия пәнінің оқу кабинетін талапқа сай жабдықтап, шәкірттердің білім деңгейін көтере білді. Қалалық пәндік олимпиадада Әбділда Әлихан, Аленова Ботагөз, Нұрғалиева Диана жүлделі орындарды иеленді. Қанифа Боранбайқызы «Сынып жетекшілері» байқауында «Ардақты ұстаз» номинациясы бойынша жүлделі болды.
А.СЕЙСЕНБАЕВА.

