«ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...»

     С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай университет ұжымы білім саласында атқарған белсенді қызметі үшін бірқатар ұстазды мадақтады. Олардың қатарында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен «Мәдениет қайраткері» белгісімен және университетке сіңірген зор еңбегі үшін «С.Торайғыров атындағы алтын медальмен» марапатталған Назымбек Сәбитұлы Дүкенбай бар.
       Н.Дүкенбай Б.Ахметов атындағы Павлодар мемлекеттік колледжінде 1974-2003 жылдар аралығында қызмет жасаған Назымбек Дүкенбай көп жылдар бойы музыкалық секцияның меңгерушісі, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары, қазақ бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі қызметінде 20 жыл, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатта қазақ тілінде оқытатын мектеп үшін ән-күй оқулықтарын шығару жөнінде 10 жыл тәжірибелік жұмыспен айналысты. Н.Дүкенбайдың ұстаздық қызметтегі тәжірибесіне 44 жыл толып отыр. 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті ғылыми атағы берілді. Көптеген мақалалардың, қазақ мектептерінің 1-4 сынып оқушыларына арналған ән-күй пәні бойынша альтернативті бағдарламаның, әдістемелік құралдар мен оқулықтардың авторы, мектеп оқушылары үшін фонотека жасады. «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттерге «Музыкалық білім беру теориясы», «Музыкалық психология, музыкалық іс-әрекет психологиясы», «Педагог – музыканттың әдіснамалық мәдениеті» кітаптарын ф.ғ.к. Ә.Әміреновпен, ф.ғ.к. Г.Дүкенбаймен бірлесіп жазды.
      1996 жылы екі бөлімнен тұратын, жергілікті ақындар мен композиторлардың 118 әні мен 9 күйі енген жинағын шығарды. Ал, 2006 жылы «Балаларға арналған әндер» (Қ.Сәтиев, суретші Ә.Егинбаев) атты еңбегі жарық көрді. Елордамыз Астана қаласының 10 жылдық мерейтойына арнап «Астанам-асқақ, әсем ән» жинағы мен компакт-диск (ақын Ғ.Жұматов), Павлодар облысының 70 жылдығына Қ.Смағұлдың сөзіне жазылған «Жырлайды жүрек» әндер жинағын, «Жастар және патриотттық тәрбие» туындылары тыңдарман қауымға жол алды. Н.Дүкенбай балалар мен жастарға арналған 100-ден аса әннің авторы.
      Қоғамдық өмірде де белсенділігімен танылып жүрген Назымбек Сәбитұлы көптеген игі шараларды ұйымдастыруда ұйытқы болды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы Мұсылман Әйелдері лигасының жанынан «Ару Ана» хорын құрып, 4 жыл бойы жетекшілік етті. Әртүрлі фестивальдерге, сайыстарға қатысты. Ал 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бесінші республикалық ҚР Жоғары оқу орындарындағы «Ең үздік ән-күй оқытушысы» сайысын өткізуге мұрындық болды.
      Назымбек Сәбитұлының көп жылғы еңбегі елеусіз қалмады. Мәселен, «КСРО ОКБМ-дегі жоғары жетістіктері» (1982), «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001) белгілерімен, ҚР ЖОО оқытушыларының арасында өткен сайыста «Ән-күй пәнінің үздік оқытушысы» Гран-при сыйлығымен (2003), «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» (2006) номинациясы бойынша марапатталып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік грант иегері (2006) атанды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30