ӨНЕР-БІЛІМНІҢ КИЕЛІ ШАҢЫРАҒЫ

    Облыс орталығындағы М.Катаев атындағы оқушылар сарайы - сандаған ұл-қыздың өнер биігіне шығуына жол ашқан таланттар ордасы екені баршаға мәлім. Отыз жылдан астам тарихы бар бұл мекемеде бүгінде үш мыңға тарта бала қосымша тәлім-тәрбие алып, өнер-білім үйренуде. Жас таланттардың өнерін шыңдау жолында жан-жақты мүмкіндік тудырып отырған мекеме үшін биылғы жаңа оқу жылының жақсы жаңалықтарға толы болатынына ұжымның сенімі мол. Себебі аталмыш өнер ордасының мүмкіндіктері жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл жөнінде жуырда оқушылар сарайында өткен салтанатты жиналыста сөз болды.

 
    М.Катаев атындағы оқушылар сарайында 65 бағытта жұмыс істейтін екі жүзден астам бірлескен шығармашылық топтар, үйірмелер мен студиялар бар. Олар балаларды мемлекеттік тілді жетік меңгеруге, халық шығармашылығын дамытуға, эстетикалық тәрбие алуға, ой-өрістері мен техникалық шығармашылықтарын жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға баулиды. Ересек балалар үшін «Ямб» атты әдебиет студиясы, баспасөз орталығы және «Арман-шоу», «Арлекино», «Орфей» сынды театрландырылған үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ ондағы әрбір үйірме дарынды балалардың өнерін шыңдап, өсуіне мүмкіндік жасаумен қатар өнерлі жеткіншектерге қолдау көрсету шараларымен де айналысады. Кез-келген шығармашылық ұжымның алдына қойған айқын мақсаттары мен жеткен жетістіктері баршылық. Мәселен, 2009-2010 оқу жылында оқушылар сарайының тәрбиеленушілері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткен түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындармен оралған. Олардың қатарында «Свет звезды» эстрадалық ән студиясының мүшесі Роза Мұқатаева халықаралық «Браво, дети!», «Лето на море-2010» байқауларынан бірінші дәрежелі лауреат атанса, «Жас екпін» домбыра ансамблінің мүшесі Ардақ Қапаров Болгарияда өткен халықаралық «Твоя сказка» сайысынан бірінші орынды иеленген, ал «Блэйз» би тобының өнерпаздары VІ дельфилік ойындар байқауынан тағы  да жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлаған. Басқа да жетістікке жеткен талантты бүлдіршіндердің көп екенін атап өткен жөн. Аталмыш мекеме қызметкерлері өнерлі өрендердің өсуіне жол ашқан оқушылар сарайының кім-кімге де есігі ашық екенін айтады. Атап өтерлігі, мұндағы үйірмелердің барлығы бірдей ақылы емес.
 
Н.ШОДЫР.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30