Үгіт керуені ауылдарды аралауда

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Елбасының тікелей қолдауымен бастау алған «Асыл мұра» үгіт керуені өз жұмысын жалғастыруда. «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы өнер-паздары ауылдық елдімекендердің тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынбақ. Олар мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, өңірімізде мекендейтін халықтар бірлігі мен достастығын нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатын көздейді.

Үгіт керуені бүгінгі күнге дейін облысымыздың бірқатар аудан-дарының ауылдарын аралап үлгерді. Атап айтсақ, тамыз айында Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр және Екібастұз ауылдық аймақтарына, ал қыркүйек айында Успен, Май, Шарбақты аудандарына концерттік бағдарламаларын қойып, ауыл тұрғыдарының ризашылығына бөленді. Алдағы уақытта «Асыл мұра» үгіт керуені үлкен концерттік бағдарламамен Баянауыл, Павлодар, Лебяжі және Ақсу ауылдық аймақтарының шалғай орналасқан елдімекендерін аралауды жоспарлап отыр.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30