ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

 

    А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры өзінің 66-шы театр маусымын ашты. Биылғы жылғы театр маусымы алдыңғы жылға қарағанда ертерек ашылып отыр. 15 қазан күні биылғы маусымның бірінші премьерасын Рэй Кунидің «Очень женатый таксист» атты пьеса негізінде режиссер Алексей Мельников қояды.
Кезекті маусым шымылдығын ашу құрметіне ие болған Мария Ладоның «Очень простая история» мелодрамасын тамашалауға қала тұрғындары көптеп жиналды. Театр ұжымының бұл спектакльді таңдауы да жайдан-жай емес. Алдыңғы жылы көрермендер тарапынан үлкен сұранысқа ие болып, олардың сүйіп көретін қойылымына айналғандықтан алынған екен. А.Чехов атындағы драма театрының талғампаз көрермендері 66-шы маусымда  «Игроки», «Мастер и маргарита», «Лекарь поневоле», «Корабль дураков», «Васса», «Фондю», «Юнона и авось» және тағы басқа спектакльдерді тамашалайтын болады. Дәл қазір әртістер театрдың 65 жылдық мерейтойына қызу дайындық үстінде. Агусто Моретоның пьесасының желісі бойынша «Живой портрет» спектакліне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш спектакльдің премьерасынан соң режиссер Олег Белинскийдің жетекшілігімен Ричард Нэштың «Продавец дождя» атты спектаклі желтоқсан айында жұртшылық назарына ұсынылмақ. Сондай-ақ маусымның екінші бөлігінде Игорь Меркуловтың «Три сестры» спектаклі қойылып, қала тұрғындарын қуантпақ. 
    Театр ұжымы өнерсүйер көрермендерді жағымды жаңалықпен қуантты. Осы жылы шығармашыл ұжым қатарына жаңа екі әртіс қосылды. М.Макеева мен Д.Аверьянов «Сіздер үшін бірінші театр маусымы не береді?» деген сауалға бірауыздан «Жұмыс!» деп жауап беріп, еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді. 
 
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25
27 28 29 30