ТІЛДЕР АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА

    Тілдер айлығы аясында Екібастұз қаласында мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі мен «Атамұра» мәдениет  орталығының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті.

«Мемлекеттік  тіл-елдің  мұраты» акциясы  жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық көліктерде  мемлекеттік тіл насихатталды. Акцияның мақсаты әр екібастұздықтың бойында мемлекеттік тілге деген  қызығушылықты оятып, қаламызда өткізіліп жатқан іс-шараларға бұқара халықты тарту болды.

    «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында «Тіл дарын-2010» қалалық олимпиадасы  өткізілді. Тілдер айлығы  аясында мемлекеттік  тілді  насихаттаумен  қатар, қаламызда  тұратын  өзге  ұлттардың  тілдерін  насихаттау  мақсатында  «Тілдер достығы-халықтар достығы» фестивалі өткізілді, фестивальға 9 этно-мәдени бірлестіктің  өкілдері  қатысып,  салт  дәстүрлерін көрсетіп, өз тілдерінде  әндерін  орындады.

    Сондай-ақ қалада тілдерді  қолдану мен  дамытудың   2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік  бағдарламаның  жобасын талқылауға  арналған «Мемлекеттік  тіл-ұлт бірлігінің  басты  факторы» атты тақырыпта конференция  өткізілді.

Торғын АПАҚОВА,

Екібастұз қалалық мәдениет

және тілдерді дамыту  бөлімінің  бас маманы.                                       

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31