«ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ»

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыс әкімдігіне қарасты «Павлодартелерадио» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бірлесіп өткізген облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсы осылай аталады. Ол алдағы жылы бүкіл еліміз болып мерекелейтін ұлы мерейтойымызТәуелсіздіктің жиырма жылдығына арналды.

Өткен жұма күні облыстық тілдерді дамыту басқармасында жас ақындар байқауының қорытындылары шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов уақыт өткен сайын бұл мүшәйраның өңіріміздің дарынды жастары арасында кең тарап, танылып келе жатқанын атап айтты. Байқауға 16-дан 25 жасқа дейінгі ақындардың жиырмадан астам шығармасы ұсынылды. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған сынақ бұрынғыға қарағанда қатысушылар қатары артып, шығармашылық шеберлік жағынан дамып келе жатқанын байқатты. Жас ақындар мүшәйра-конкурсы облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан өлең жазуға бейімді жастарды іздеп тауып, шығармашылық өсуіне жағдай жасау сияқты басты мақсаттарына жетті.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, қатысушылардың арасында қазірдің өзінде ақындық еңбекте ысылып, тәжірибе жинақтаған, өлеңдері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Арман Қани басқарған қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жастарға жүлделі орындар берілді. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Серікболсын Дүйсембай бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебінің 10-сынып оқушысы Ахбөпе Марат ие болса, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып шәкірті Нұрсұлтан Рымбай үшінші жүлдегер атанды. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етілді.

Сондай-ақ қатысушылардың үлкен тобына ынталандыру сыйлықтары, Алғыс хаттар тапсырылды.

«Көш жүре түзеледі» дейді халқымыз. Жас ақындар арасындағы жазба мүшәйра алдағы уақытта жетіле түсіп, жас дарындарды қанаттандыратын, жетістіктерге бастайтын үлкен де дәстүрлі байқау болмақ.

Ө.ТАСТЕМХАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31