КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР ҰСЫНЫЛМАҚ

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры өзінің 21-ші маусымының шымылдығын И.Штраустың «Жарғанат» спектаклімен ашты. Театр өз көрермендерін жаңарған, көркемделген ғимаратта қарсы алды.

Атақты оперетта шебері, австриялық композитордың бұл туындысының қойылымына театрдың барлық актерлері қатысты. Әртістер өздеріне жүктелгенді мінсіз орындап, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырғаны сөзсіз. Үш бөлімнен тұратын опереттаның қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Е.Тәпенов. Басты рөлдерді сомдаған актерлер қатарында ҚР мәдениет қайраткерлері М.Байжұманов, Т.Атамбек, Д.Ұябай, Г.Қайырбекова, Б.Шәнім, С.Бекболатов, А.Таспаева, Т.Абдрахимова, Р.Нығманов, Б.Тоқатов, Д.Әділ, Қ.Қарымсақов болды.

Өнер ошағының жаңғыруымен бірге оның репертуары да түрлене түспек. Биылғы маусымда көрермендерге жаңа қойылымдар ұсынылғалы отыр. Жаңа театр маусымында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Абылай ханның ақырғы күні», «Хан Кене» пьесаларымен қатар, «Шоң би», «Жаяу Мұса», «Алладиннің сиқырлы шамы» және театрдың 20 жылдық мерейтойына арнайы «Біржан-Сара» пьесасының премьерасы павлодарлық көрерменге ұсынылмақ.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31