Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында жергілікті педагог-суретшілердің көрмесі ашылды. Қаламыздың оқу орындарында ұстаздық ететін бес суретші мұғалімдердің кескіндеме, сызба және қолданбалы сән өнерінің елуден астам туындылары қойылды.
Көрмеге үздік туындыларын ұсынған суретшілер қатарында Павлодар көркемөнер колледжінің оқытушылары Алтын Қисамиденова мен Ольга Керімова, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжі «Дизайн» бөлімінің оқытушылары Ольга Величко, Назигүл Ибраева, Майса Ықыласова болды.
Өмірлерін шығармашылық пен өнерге арнаған көрмеге қатысушылар тек қана суретші ғана емес, сонымен қатар шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық етуде. Сол себепті бұл көрме ұстаздар күні мерекесіне арналған.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

