ҚҰНДЫ МҰРАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚҰНДЫ МҰРАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті музейінің жәдігерлері белгілі ғалым Әлкей Марғұланның еш жерде жария етілмеген жеке мұраларымен толықты. Жоғарғы білім ордасының ғылыми шараларды ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріне ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы ешбір жерде жарық көрмеген еңбектерін тапсырды. «Әкемнің көзі тірісінде еш жерде жарық көрмеген құнды ғылыми еңбектері, өмірден түйген ойлары қазақ ғылымына тың жаңалықтар әкеледі деген сенімдемін», - дейді Дәнел Әлкейқызы.

Ертістің Павлодар өңірінің халқы ғұлама ғалымның өмірі мен қызметі жайлы тереңірек білуге осы мұралар арқылы мүмкіндік алары сөзсіз. Олай дейтініміз, алдағы уақытта Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ Ғылым академиясының академигі Әлкей Хақанұлының мұралары университеттегі баспадан жарық көрмекші. Қазіргі таңда университеттің әкімшілік қызметкерлері ғалымның еңбектерін баспаға дайындау үстінде.

С.Торайғыров атындағы

ПМУ-дің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31