«ТАБИҒАТ САЗЫ»

Павлодар өңірінің белгілі әнші-сазгері, ұлағатты ұстаз, ұлттық аспаптар шебері Шакен Рақышұлы биыл 75 жасқа толып отыр. Осыған орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада сазгер шығармашылығына арналған «Табиғат сазы» атты ән-жыр кеші өтті. Ән мен жыр төгілген рухани кешке мерейтой иесінің шәкірттері, достары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен П.Чайковский атындағы музыкалық колледж студенттері, оқырмандар қатысты.

Ұлттық аспаптар шебері 2005 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Саз аспаптар шеберлері арасында өткен республикалық «Үкілі домбыра» байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Оның «Табиғат сазы», «Шертер», «Екпін», «Балбөбек», «Астана-Байтерек», «Керекуім», «Екібастұзалтын аймағым» сияқты бірқатар әндері халық арасында кеңінен танымал. Облысымыздың мәдени өміріне белсене араласып, музыка саласында өзіндік қолтаңбасы бар Шакен Рақышұлының мерейтойы облыстық кітапхананың бастамасымен аталып өтті.

Ән-күймен әрленген рухани кеште сазгердің 55 жылдық ән-күймен өрілген шығармашылық өмірінің жемісі - «Керекуім. Табиғат сазы» атты жинағының тұсауы кесілді. Алты ән мен сегіз күй енген музыкалық жинақ алдағы уақытта облысымыздың аудандары мен қалаларының оқу орындарына таратылатын болады. Аталмыш жинақтың редакторы, еліміздің мәдениет қайраткері, композитор Назымбек Дүкенбай мен кітаптың жарыққа шығуына қолдау көрсеткен Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан мекеме бастығының орынбасары Бекайым Ұябай Шакен Рақышұлын мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 31