АҚТЫҚ СЫНҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі, ішкі саясат және білім беру басқармаларымен, сондай-ақ Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен «Қазақ КВН-і мектеп лигасының жартылай финалы: VERSION:2.0» атты арнайы жоба жүзеге асырылды. Көңілділер мен тапқырлар бақ сынасатын ойын «Біз чемпиондыққа лайықпызтақырыбы аясында өрбіді.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айында мектеп лигасының жартылай финал ойындары кезінде қазылар алқасының шешімі бойынша тағы екі командаға ақтық сынға қатысуға мүмкіндік берілген болатын. Жартылай финал ойынында алға суырылып шыққан 6 команда финалға жолдама алған. Ал жетінші команданы анықтау үшін қазылар алқасы арнайы ойын өткізуді шешкен. VERSION:2.0 жобасында №30 мектептің «ЖалынKZ» және №33 мектептің «Думан» командалары бақтарын сынады.

Әзілкештер додасында 2009 жылы қала әкімі кубогының иегері, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның «ДарынKZ», мектеп лигасының финалисі, №33 мектептің «Адреналин», 2010 жылғы қала әкімі кубогының иегері, қалалық лиганың финалисі №30 мектептің «Тарлан» командалары қонақ ретінде қатысып, кешті тартымды әзілдерімен әрледі.

Ойынның «Сәлемдесу» және «Ширату» сайыстарында командалар берілген тақырыпта ойын көрсетіп, қазылар мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі таңда қазақша КВН ойындары жастардың қызығып ойнайтын, тамсана тамашалайтын ойындарының бірі екені рас. Ана тілімізқазақ тілінің мәртебесін көтеру де басты мақсаттардың бірі болса керек. Алайда университет төрінде ұйымдастырылған ойынның қатысушылары бұл бағытты ескермеген сияқты... Қазылар алқасының мүшесі, облыстық «Ана тілі» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ерлан Мұсаповтың ширату сайысында ойыншыларға қойылған «Шала қазақ деген кімдеген сұрағына «Мендеп ұялмай жауап бергендер де болды. Сондай-ақ Ерлан Мұсапов бұл тұрғыдан командаларға ескерту айтып, келешекте бұл олқылық жойылатынына сенімділік білдірді.

Қазылар шешімі бойынша жарысқа түскен екі команда финалистерге лайықты ойын көрсеткендіктен, мектеп лигасының ақтық ойындарында топ жаратын болды.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30