Ұлттық фольклорлық мұра насихатталды

Акцияға қатысқан қонақтар ПМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерге «Бабалар сөзі» кітаптар сериясы туралы толыққанды ақпарат беріп, «Мәдени мұра» бағдарламасының мән-мағынасы жайлы айтып өтті. Акцияның өтуіне ұйтқы болған азаматтар қатарында «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков, оның орынбасары ақын Дәулеткерей Кәпұлы, бас редакторы Раушан Тұрғынова, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, жазушы Ғалым Жайлыбай және «Әлем әдебиеті» журналы редакторының орынбасары Думан Рамазанов болды.

«Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты «Бабалар көзі» атты 100 томдық кітаптар сериясы арқылы қазақ фольклорының эстетикалық жанрларын насихаттау болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының толайым рухани мұрасы жинақталған кітаптар сериясының жарыққа шығуына ықпал ету көзделген. Аталмыш рухани қазына 2004 жылдан бері Алматы әдебиет және өнер институтының мамандарымен дайындалып жатыр. Қазақтың бүкіл фольклорлық жанрдағы туындылары жинақталған әдеби мұраның бүгінгі күнге дейін 63 томы 3000 данамен шығып үлгерген.

«Бабалар мұрасы» жинағы қазақ фольклорының жанрлық әрі эстетикалық сипатын қамтитын сегіз бөлімнен құралған. Акция ұйымдастырушылары «Хикаялық дастандар», «Діни дастандар», «Ғашықтық дастандар», «Тарихи жырлар», «Шежіре дастандар», «Батырлар жыры», «Көне эпостар» және «Бабалар сөзі» деген бөлімдерден құралған жинақты көптеп басып, халыққа таратуға демеушілер тарапынан көмектің қажеттілігі туралы баса айтты. Сонымен қатар «Бабалар сөзі» жинағы еліміздің шалғай елді мекендеріндегі, шағын аудандарындағы білім беру мекемелері мен кітапханаларда әлі де болса жетпей жатқаны туралы сөз қозғалды. Бұл тұрғыда насихаттық жұмыстарды көптеп жүргізу қажеттілігі туралы әңгіме өрбіп, жиылған халық игі бастаманы баянды етуге үлес қосуға шақырылды.

 

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30