САХНА ТӨРІНДЕ – ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАР

Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан КВН Одағының Павлодар лигасының ұйымдастыруымен «Жас STAR» фестивалі болып өтті. Жаңа КВН командаларына арналған көңілді шараға Павлодар және Екібастұз қалаларының он төрт командасымен қатар, Набережное ауылы, №2 Чернорецк орта жалпы мектебінің «Ауыл» КВН командасы да қатысты.

Көңілділер мен тапқырлар жарысында қонақ ретінде «ЧП» және «Амстердам» КВН топтары қатысты. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызыққа бөлеген ойында барлық командалар көрермен алдына бар өнерлерін салды. Саяси, қоғамның өзекті мәселелеріне арналған әзілдерді қазылар алқасы мұқият қадағалап, бірнеше команданы номинация бойынша марапаттады.

Барлық командалар арасында өзінің ерекше стилімен, ауыл туралы әзілдерімен «Ауыл» КВН командасы көрермен көңілінен шықты. Осындай шараларға алғашқы рет қатысып отырған №2 Чернорецк орта мектебінің оқушылары сахнаға жаңа ғана аяқ басқанына қарамастан, осы кеште «Ең үздік әзіл» номинациясын жеңіп алды.

«Ауыл» КВН командасы осы ойынға бару үшін қолдау жасаған мектеп директоры Б.Болатовқа және ауыл әкімі В.Бруцкийге алғысын білдіреді.

Темірхан ҚАСЫМОВ,

2 Чернорецк орта мектебінің география пәнінің мұғалімі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30