ӘДЕБИ КЕШ

Пограничник орта мектебінде қазақ халқының ұлы перзенті, халық қаһарманы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орайБекзат болмыс, батыр мұрат» атты әдеби кеш өтті.

Кешті қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізіп, мектеп оқушылары, мұғалімдері және ауыл тұрғындары қатысты. Мектеп оқушылары жауынгер жазушының өлеңдері мен басқа ақындардың Баукеңе арнап жазған өлеңдері мен естеліктерін мәнерлеп оқыды. Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап деректі қойылым көрсетілді. Көптен бері мектебімізге Бауыржан Момышұлының атын беруді бастама етіп көтеріп жүрген Садықбек Нұрсейітов ағамыз қазақ халқын әлемге танытқан, асқақ ұлы тұлғаның есімін ардақтау, халқымыздың жадында мәңгі сақтау мақсатында мектебімізге Бауыржан Момышұлының есімін беру лайық екенін тағы бір мәрте ауыл тұрғындарының алдында ортаға салды. Бұл пікірді Сейітбай ақсақал да құптап, кеш өте мағыналы, келешек ұрпақтың есінде қалатындай әсерлі өткенін атай келіп, ақ батасын берді.

Р.ШАКЕЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30