ПАВЛОДАРДА ЖАҢА ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Павлодар қаласының мәдени өміріне белсенділікпен қатысып жүрген жалынды да өнерлі жастар аз емес. Жуырда өңіріміздің жас әншілерінен «Жанр» деген жаңа топ құрылды. Топ құрамындағы Алтынбек Валиев, Руслан Жұмабаев және Нұрсұлтан Сабиров жұртшылықты өнерлерімен тәнті етуде.

- Біздің топ кездейсоқ құрылды деуге негіз бар. Жаңа жылдық концерттердің бірінде қосылып ән айттық. Өте сәтті шықты. Өзімізге де ұнады. Сол сәтте топ құруға бел байлап, бірлесе жұмыс істей бастадық. Бастапқыда төрт жігіт ән салғанбыз, есімдеріміздің бастапқы әріптерін қосу арқылы «Жанр» деп аталдық,– дейді Руслан Жұмабаев.

Топ құрамындағы жігіттер - Чайковский атындағы музыкалық колледжі ән салу бөлімінің төртінші курс студенттері. Күні кеше құрылған топ мүшелерінің арманы - қазақ эстрадасында музыканың поп-опера бағытында ән салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөлену. Осы мақсатты жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда жас әншілер музыкалық колледж қабырғасында Тұрлыхан Қаскенова, Людмила Харитонова және Талғат Айтбаев сынды ұлағатты ұстаздардан білім алуда. Топтың ән қоржынында оннан астам туынды бар, оның ішінде поп-опера жанрындағы қазақ, шет тілдерінде шырқалатын әндердің саны басым. Ақын-сазгер Әкім Ысқақтың әні мен сөзіне жазылған «Жастық шақ» әні павлодарлық өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, қаланың мәдени шараларында шырқалып жүргендігі баршаға мәлім. Халық әндерін, орыс және шетел шығармаларын жаңаша мәнерде орындауды көздейді.

Әр әнші өзінің жанына жақын әншілердің әндерін тыңдап, соған еліктейтіні жасырын емес. Әншілік талғамдары туралы сұрағанымызда талант иелері қазақ және шетел әншілерінің әндерін тыңдайтындарын жеткізді. Бірақ оларды поп-музыка бағыты ерекше қызықтырады екен. Әсіресе, әнші жігіттер аталмыш бағытта өнер көрсетіп жүрген итальяндық «Ильдиво» тобының өнеріне ғашық екендіктерін жасырмады. Поп-опера жанрында ән шырқау топтың басты ерекшелігі болса керек.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30